19:07, 20 Тамыз 2022 | GMT +5
Таразда қаңтар оқиғасына қатысты 17 адам сотталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сотталушылар бірнеше бап бойынша жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сот қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні Тараз қаласында Ә., Б., Б., А., Қ. С., Б., Ш., есімді азаматтардың жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандығын анықтады. Олар зорлық-зомбылық көрсетіп, қиратып, мүлікті бүлдірген. Ш., Ш., А., П., С., М., Е., Ш. жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, бөгденің мүлкін ұрлаған. А. қызметтік үй-жайға заңсыз кіріп, ұрлық жасауға оқталды», - делінген Тараз қаласының №2 сотының шешімінде.
Айта кетсек, 16 тамыз күні ҚР Бас прокуратурасы Қаңтар оқиғасына қатысты 834 адамның сотталғаны туралы хабарлаған еді.
Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар 292 күдіктінің қамауда отырғаны айтылды.