Таразда қарулы қылмыскерлерді тұтқындаған күзетшілер марапатталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Полицейлер қарулы қылмыскерлерді тұтқындау барысында ерлік танытқан Тараздағы күзет агенттігінің екі қызметкерін марапаттады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Жымбыл облыстық ІІД бастығының орынбасары Қасым Досанов  Ақтілек Әбдіғали мен Рустам Абидовты алғыс хатпен марапаттады.
 

«Оқиға 7-нен 8 наурызға қараған түні орын алды, - деп түсіндірді облыстық ІІД баспасөз қызметінде. - Күзетшілер «Бағыт» автомектебінің аумағында дабыл жүйесі іске қосылғаны туралы сигнал алады. Аталған жерге келген соң, екеуі екіге бөлінеді - Рустам Абидов кәсіпорынның әкімшілік ғимаратын, ал Ақтілек Әбдіғали аумақтағы боксты тексеруді ұйғарады. Ақтілектің алдынан тапаншасы бар қарулы жігіт шығып, оған оқ жаудырады. Оның сол жақ иығына оқ тиіп, жарақат алады. Сол жерде төбелес болып, екінші қылмыскер Әбдіғалиді кірпішпен ұрады. Көмекке асығып келе жатқан Абидовты көрген олар ізін суытпақ болады, алайда қылмыскердің біреуін ұстайды. Екінші қылмыскерді өндірістік бокстан табады».
 

27 және 24 жастағы Тараз тұрғындарын ұстаған күзетшілер полиция мен жедел жәрдем шақырады. Ақтілек Әбдіғалиға жедел медициналық көмек көрсетілді. 
 

Соңғы жаңалықтар