Таразда «Kazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтіп жатыр

TARAZ. KAZINFORM – Таразда алғаш рет «Kazagrozhambyl-2024» халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі басталды. Ауыл шаруашылығы саласындағы озық үлгідегі соңғы құрылғылар мен техникалар, тыңайтқыш түрлері, препараттар қайта өңдеудің әдіс-тәсілдері ұсынылған көрменің алғашқы күні «Көне Тараз» кешенінде ұйымдастырылуда.

көрме
Фото: Дулат Шықпанбетов

Форумға Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрлері, Түркия, Қырғызстан вице-министрлері, Түркі мемлекеті ұйымының Бас хатшысы, Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы, сондай-ақ Қытай, Нидерланд, Ресей және т. б. жалпы саны 12 елдің 150-ден астам компанияларының өкілдері қатысуда.

көрме
Фото: Көрме ұйымдастырушыларынан

Көрме-форумның негізгі бөлімдері ауыл шаруашылығы техникасы және олардың қосалқы бөлшектері, тұқым және мал шаруашылығы, тамақ, қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған жабдықтар тақырыбында өтеді.

Нәтижесінде Тараз қаласында 1-ші халықаралық көрме-форумды өткізу облыстың қолайлы инвестициялық ахуалын дамытуға жаңа серпін береді, бұл өз кезегінде ірі әлемдік агроконцерндер мен өндірушілерді тартады, бұл өнім экспорты үшін жаңа нарықтар ашады, агроэкономиканы әртараптандыруға жағдай жасайды.

көрме
Фото: Дулат Шықпанбетов

Жамбыл облысының әкімдігі мен отандық кәсіпкерлерге Түркі мемлекеттері және экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің шетелдік инвесторлары арасында аграрлық кластерді дамыту бойынша стратегиялық келісімдер мен меморандумдарға қол қоюға мүмкіндік береді.

Форум барысында сондай-ақ, халықаралық және отандық сарапшылар, мамандар ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтар мен инновацияларды, тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, жылыжай бизнесі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мәселелері талқыланады, деп күтілуде.

көрме
Фото: Дулат Шықпанбетов

Үш күнге созылатын форум аясында ТМҰ ауыл шаруашылығы министрлерінің 3-кеңесі ұйымдастырылады. Делегация басшыларының қатысуымен ECOSA тұқым шаруашылығындағы 8-конгресі өтеді. Жоспарланған B2B кездесулерінің нәтижесінде бірқатар келісімшартқа қол қойылады, деп көзделуде.

Форум 21 наурызға дейін жалғасады. Делегаттарды облыстағы құс фабрикасымен, жем өңдеу зауытымен және аудандардағы өзге де бірқатар нысанмен таныстыру жоспарлануда.

Осыған дейін Таразда «Kazagrozhambyl-2024» Халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі өтетінін хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар