Таразда Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалі өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 20-27-сі күндері Тараз қаласында Қазақстан театрларының XVIII республикалық фестивалі өтеді.
None
None

Осы мәдени іс-шараға елорданың Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры да қатысып, өз өнерлерін ортаға салмақ.

Аталған театрдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылғы фестиваль Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдық мерейтойына арналғалы отыр. Мәдени іс-шара барысында елордалық ұжым көрермен назарына А.Дударевтің «Кеш» драмалық спектаклін ұсынатын болады.

Премьерасы наурыздың 5-інде өткен қойылымда келешегі жоқ бүгінгі ауылдың күйі, онда тек балаларынан хат-хабар күтетін қарттар ғана қалғандығы сомдалады. Олардың бар ермектері - құдықтан су тарту. Осы спектакльді тамашалай отырып, Жаратушының адамды жер бетіне жіберуінің мақсаты - жұдырықтай жүрегінің жылуымен осынау суық дүниені жылыту екен-ау деген ойға қаласыз.

Соңғы жаңалықтар