Таразда қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында қоғамдық көлік 58 жасар тұрғынды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында таңғы сағат 08:50 шамасында Тараз қаласында маршруттық автобустың 22 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргінші әйелді қағып кетті.
Жамбыл және Төле би даңғылдарының қиылысында орын алған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Соқтығысудың салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды»,-делінген хабарламада.
Күдікті Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Полиция ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейтінгін мәлімдеді.