Таразда көпқабатты тұрғын үйде өрт болды, бір адам көз жұмды
АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 01.57-де Тараз қаласында Талас шағынауданында орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шықты.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт 19 минуттың ішінде толығымен сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт орнында 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды.