Таразда қойма өртенді

ТАРАЗ.KAZINFORM - Тараз қаласында, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында қойма өртке оранды. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Тараз
Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Мәлім болғандай, базардың аумағында 350 шаршы метр алаңда қоймада өрт тұтанған. Себебі анықталып жатыр.  

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қызыл жалын сағат 10.05-те өрт оқшауланды.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және техникасының 13 бірлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар