Таразда күдікті полиция учаскесінен қашып кетті

ТАРАЗ.КАZINFORM - Жамбыл облысының полиция департаменті Тараз қаласының аумағында пайдакүнемдік-зорлық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін ұсталған күдіктінің қашып кеткенін хабарлап, іздеу жариялады.

instagram.com/zhambyl_police
Фото: instagram.com/zhambyl_police

«Күдікті 03.11.1995 жылы туған Қанат Доғдырханұлы Бекен полиция бөліміне жеткізілген соң әжетханаға шығып, одан әрі қашып кеткен. 

Белгілері: бойы — 168 см, дене бітімі — арық, қара шашты, беті сопақша, құлағы үлкен, сәл қалқиған, орташа мұрынды, сол жаққа қисайған, ерні үлкенірек.

Күдікті «Nike» жазуы бар қара қалпақ, көк түсті жейде және спорттық қара түсті шалбар киген», — делінген ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар