Таразда күн қатты суытып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы мен Тараз қаласының аумағында ауа температурасы күрт төмендеп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
None
None

Осыған дейін аймақта күн жылы болып тұрған. Синоптиктер хабарлаған жылдамдығы секундына 30 метрге жететін желден соң күн қатты суытып, қар қалың жауды. Жол көктайғаққа айналды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Таразда және облыста қаңтар айының соңына дейін күн суық болады.

Осындай жағдайға қарамастан Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің хабарлауынша, Жамбыл облысындағы республикалық және облыстық маңыздағы барлық трассалар мен Қордай, Күйік, Шақпақ және Хантау шатқалдарында жол ашық.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында қардың қалың түсуіне байланысты көшкін жүру қауіпі бар.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметтері бойынша, Жамбыл облысының аумағында қар жауып, тұман түсіп, боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік батыстан, батыстан соғады. Түнде ауа температусы 13 градусқа дейін суытады. Күндіз күн 5 градусқа дейін біршама жыли түсуі мүмкін.

Таразда қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде -1, -3, күндіз 0-2 градус суық.

Соңғы жаңалықтар