Таразда маска киген екі жігіт дәріханашыға тапанша кезеніп, кассадағы ақшаны алып кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таразда тапаншамен қаруланған екі жігіт дәріханаға басып кіріп, тонап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

25 наурыз сағат 22.30 шамасында Тараз қаласындағы мөлтекаудандардың бірінде орналасқан дәріханаға 20-25 жастағы медициналық бетперде киген екі белгісіз адам басып кірген.

Олар тапаншаға ұқсас затпен фармацевтерді қорқытып, олардың алдындағы шыны витринаны сындырып, 37 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын иемденіп кеткен.

Содан соң оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен (бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полицияның барлық жеке құрамы күдіктілерді іздестіруге және ұстауға бағытталды, полиция бөлімдеріне аталған адамдардың белгілері бар бағдарлар жіберілді.

Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар