Таразда мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиада өтті (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы «Тараз-Арена» Спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ҚР Мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен облыстық спартакиада өтті.
None
None

Облыс әкімдігінің спорт және денешынықтыру басқармасының хабарлауынша, спартакиада спорттың алты түрі бойынша өткізілген. Бұлар - шағын футбол, үстел теннисі, жүзу, армреслинг, шахмат, жеңіл атлетика.

Жарысқа облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің 38 құрама командасына біріктірілген 625 мемлекеттік қызметкер қатысты.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Болат Ысқақов барлық қатысушыларды денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға, салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, спортта жеңістерге жетуіне тілектестігін білдірді.

Облыстық спартакиаданың қорытындылары бойынша, оның жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды.

Шағын футболдан облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері бірінші орын алды. Әйелдер арасында өткен үстел теннисінде облыстық қазынашылық департаментінің өкілі А.Нұрпейісова, ерлер арасында - С.Әбдікәрімов жеңімпаз атанды. Барлығынан жақсы жүзгендер - облыстық ауылшаруашылық басқармасының қызметкері Н.Төлендиева мен облыстық спорт басқармасының қызметкері Г.Райымқұлов. Шахматтан Жуалы ауданынан келген Н.Қоскелдиева мен ерлер арасында облыстық сот қызметкері Ж.Зауырбекұлына тең келетін ешкім болған жоқ. 60 метрге жүгіруден Азияның акроботикадан чемпионы, қазіргі кезде қалалық спорт басқармасының басшысы Оксана Борисюк көш бастап тұрды.

null null null

Соңғы жаңалықтар