Таразда мейрамхана жанында адам өлтірген күдікті ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мейрамхана жанынан табылған ер адамды өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Полиция қызметкерлері 2 қыркүйек күні кісі өлтіруде күдікті болып табылатын 33 жастағы ер адамды ұстады. Еске салсақ, 30 тамыз күні Ақбұлақ шағынауданында, мейрамханаға жақын маңнан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті алдын ала тергеу барысында қаза болған адаммен арадағы кикілжіңге өзара сөзге келіспеушілік себеп болғанын айтты. Күдікті қылмысын мойындады. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметов.

Тараз полициясы күдіктіні ұстау жұмыстарын жүргізіп жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар