Таразда онколог дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда онколог дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таразда онколог дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 27 қыркүйек күні «Допинг» жедел-іздестіру шарасы барысында облыстық диагностикалық орталыққа тексеру жүргізді. Онколог дәрігердің есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен жұмыс істеуіне рұқсаты, сондай-ақ есірткілік заттармен жұмыс істеуге бас дәрігердің бұйрығы болмай шықты», - деп мәлімдеді құқық қорғау органының баспасөз қызметінен.

Дәрігерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

«Бұдан бөлек, 10 қазан күні полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының және облыстық фармацевтика департаментінің қызметкерлері Тараз қаласындағы дәріханаларды тексерді», - делінген хабарламада.