09:10, 17 Тамыз 2010 | GMT +5
Таразда от құшағынан 3 адам құтқарылып, 12-сі қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер бар - ТЖМ
СТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат - Тараз қаласында тұрғын үйден шыққан өртте 3 адам құтқарылып, 12-сі қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер бар.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, тамыздың 16-сы күні таңертең, Дүрімбетов, 32 мекен-жайында орналасқан екі қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен өрт шығып, ол 60 шаршы метр аумаққа жайылған.
Құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтау барысында үш адамды жалын құшағынан аман алып шығып, он екісін қауіпсіз аумаққа ауыстырды. Сондай-ақ көмірқышқыл газына уланған 19 жастағы азамат пен 13-тегі жеткіншек ауруханаға жеткізілді.
От Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 10 адамы мен 2 техникасының күшімен екі сағаттан кейін сөндірілді.