Таразда судья екі миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Антикоррупциялық қызмет Сот әкімшілігінің қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, жасырын іс-шаралардың нәтижесінде Тараз қаласы №2 соты судьясының 2 млн теңге сомасында пара алғанын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таразда судья екі миллион теңге пара алғаны үшін ұсталды

Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдектелуде.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазды өңірдегі Антикор.

Айта кетейік, бұған дейін талапкерді грантқа түсіріп беремін деп сыйақы алған Тараз тұрғыны ұсталған болатын.