Таразда телефон кабелін ұрлап келген 32 жастағы тұрғын ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тараз қаласында телефон кабельдерін ұрлап келген ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таразда телефон кабелін ұрлап келген 32 жастағы тұрғын ұсталды

Тараз қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру барысында телефон кабельдерін ұрлаумен айналысқан 32 жастағы облыс орталығының тұрғынын құрықтады.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта күдіктінің «Қазақтелеком» АҚ-на 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген сегіз ұрлыққа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы өңірде соңғы екі айда ұрлық қылмысын ашу - 17,1 пайызға, оның ішінде пәтер ұрлығын ашу көрсеткіші - 19 пайызға өскен.