Таразда теннистен балалар мен жасөспірімдер турнирі өтеді

АЛМАТЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Таразда 25 сәуір күні теннистен балалар мен жасөспірімдер арасында бірінші дәрежелі міндетті турнирлер сериясы басталады.
None
None

Спортшыларды тіркеу рәсімі мен жарыстың жеребесі 22 сәуір күні өткен болатын. Онда теннисшілер жас ерекшелігіне қарай 1997-98 жылдары туғандар бір топқа, 1999 жылы туғандар мен одан кіші жастағылар екінші топта сынға түседі. Онда олимпиадалық жетілдірілген жүйе бойынша теннисшілер 2 жеңіліске дейін сайысады. ҚР Теннис федерациясы таратқан хабарламаға қарағанда, матчтар tie-break жүйесі бойынша 3 жүйеден тұрады. Оған халықаралық дәрежедегі төреші Антон Игнатченко бастаған қазылар төрелік жасайды.

Жалпы бұл байрақты бәсекеден кейін мұнда жүлде қоры 10 мың АҚШ долларын құрайтын халықаралық турнир өтеді. Мамырдың 2-7 күндері болатын ерлер арасындағы бұл дүбірлі дода ересектердің жарысы болмақ.

Соңғы жаңалықтар