Таразда ұрланған қыз баланы өлтірген қанішер табылды

ТАРАЗ.   Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ -Таразда   кішкентай  қыз баланы  ұрлады  және өлтірді  деген  күдікті    азамат ұсталды. 
None
None

Бұл туралы бүгін Таразда  өткен брифингте    облыстық  ішкі істер  департаменті бастығының  бірінші  орынбасары Берік Құтбаев мәлім етті.

Тамыздың 27-сінде Тараздың ықшамаудандарының бірінде  жоғалып  кеткен  1,5 жасар  қыз  баланы іздеу  шаралары  9 тәулікке  жалғасты. Бұл  операцияға  департаменттің  барлық қызметкерлері, ішкі әскер  сарбаздары,    полицияның  қоғамдық көмекшілері   жұмылдырылды.     Қыз  баланың  жоғалғаны   жайлы  хабарлар  мен   күдік  туралы   мәліметтер     қала бойынша  жапсырылды,   жергілікті  радио  мен телеарна арқылы    хабарланды,  деді  Тараз   қаласының Ішкі  істер   басқармасының   бастығы Болат Құлекеев.

Ересектердің  қарауынсыз қалған      бүлдіршін  қызды  кешкі сағат 6-ларда белгісіз бір ер адам ауладан  алып  кеткен.    Полицейлер куәгерлердің    көмегімен  күдіктінің  фотороботын  жасады.   Оны  Тараз  сыртындағы  иесіз  жатқан ғимараттардың  бірінен тапты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша,   оқиғаның  мән-жайы көпті көрген   полицейлердің  өзін естен тандыра  жаздаған.

Күдікті  ретінде  жауап алынған 35 жастағы қаңғыбас   азамат,  тамыздың  27-сінде «Аса» ықшамауданындағы үйдің ауласынан    қыз  баланы    алып  кеткенін мойындады.   Ол  оған  шоколад беремін деп   алдап,  «Көктем»  шағынауданға   апарған,  онда 4  тәулік  ұстаған.  Күдіктінің айтуынша, қыркүйектің 1-інде  қыз бала    суықтан  үсіп,   шетінеген. Содан кейін    ол     бүлдіршіннің   денесін   өртеп жіберген.    Алдын-ала    тексерудің  барысында   «Көктем» тұрғын-үй ауданы маңындағы электр желісі  бағандарын орнату  үшін қазылған    шұңқырдан      сүйектің қалдықтары  мен   киімнің  жыртықтары  табылған.

Ұсталған  азамат   Тараз   уақытша  оқшаулау абақтысына   жабылды,  оған  ауыр салдарға   әкелген   адам  ұрлау  факті  бойынша айып тағылды.

 Жедел   мәліметтер  бойынша,   Жамбыл облысында  жылдың басынан бері  кәмелетке  толмаған  40 бала  іздеуде  болған.  Олардың  32-сі - үйлеріне  қайтарылған.    Қыркүйектің   1-індегі жағдай  бойынша,     сегіз бала  іздеуде.

Соңғы жаңалықтар