Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан акушерлер қамауға алынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді сату фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Таразда жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқан акушерлер қамауға алынды

Тараз қаласының прокуратурасы және Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді.

Соның нәтижесінде жаңа туған сәбиді сату фактісі анықталды.

Биылғы 12 қаңтар күні аталған дерек бойынша ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталған. Оның барысында 39 жастағы әйелдің жаңа туған қыз баланы акушерден 1,5 млн теңгеге сатып алғаны әшкере болған.

Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының 2 медициналық қызметкері ұсталып, ҚР ҚПК 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауына алынған.

Нәресте қазір Тараз қалалық сәбилер үйінде.

Фото: polisia.kz