14:39, 10 Қаңтар 2019 | GMT +5
Таразда жас жігіт мейрамханадан қомақты ақшаны жымқырып, ұтыс ойынына тіккен
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда 24 жастағы азамат мейрамхана сейфінен 1 миллион теңгені жымқырған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның бұл әрекеті бейнебақылау камераларының біріне түсіп қалды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ол жуырда ғана әкімші болып жұмысқа орналасып, кәсіп иесінің сеніміне кірген. Күдікті ұрланған ақшаны букмекерлік кеңселерге ұтыс ойындарға тігіп, жаратып жіберген. Қазір бұл азамат өз кінәсін мойындады.
Сондай-ақ, қаладағы кафелердің бірінде 29 жастағы азамат жәбірленушінің қалтасынан 1 млн 90 мың теңгесі мен 1000 АҚШ долларын ұрлап алған. Тергеп-тексеру нәтижесінде ұры анықталды. Ол жасаған әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазір аталған қос дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.