09:12, 27 Маусым 2012 | GMT +5
Таразда жатақханада газ жарылды, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, зардап шеккендер бар - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы жатақханада болған газ жарылысынан бір әйел мен бала күйік жарақаттарын алды, 60 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 26 маусым күні Таразда дәліздік үлгідегі жатақхананың екінші қабатында орналасқан ас бөлмеде сұйытылған газ буының жарылысы болды. Салдарынан көршілес 6 бөлменің біріндегі жатын бөлме өртеніп, кіреберіс есіктер зақымдалды.
Жалын тілі 2 шаршы метрге тарады. Жарылыс салдарынан күйік шалған 39 жастағы әйел мен 10 жасар бала аурухағана жеткізілді.
Өртті сөндіруге «Жедел-құтқару жасағы» ММ-нің 4 адамы мен 1 техникасы, ҚР ТЖМ Жамбыл облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.