Таразда жазаны өтеу басқармасының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды

АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат - Қаңтардың 16-сында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері арнайы операция барысында 60 мың теңге пара алу үстінде Әділет басқармасы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасының бастығын қызмет кабинетінде ұстады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған дерек бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитет департаментінің тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінң 311-ші бабы 2-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы ҰҚК органдары 2008 жылы түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың жолын кесті. Сыбайлас жемқорлық бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша 200-ден астам адам жауап берді. Олардың арасында 4 - әкім, 2 - судья, 2 - прокуратура, 6 ? әкімдік, 36 - ішкі істер органдарының, 10 ? кеден органдарының, 3 ? қаржы полициясының, 13 ? әділет органдарының, 3 ? салық органдарының, 3 ? сот әкімшілері, 29 басқа мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлері бар.
Соңғы жаңалықтар