Таразда жазасын өтеушіге әйелі сары майға героин салып әкелген
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЖД-158/2 жалпы режімдегі колониясында есірткі затын өткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлады Жамбыл облысы ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Осы жылы ауыр есірткі алғаш рет тәркіленуде. Жазасын өтеушіге кездесуге келген жұбайының тағамдарын тексеру кезінде қызметкерлер «Щедрое лето» майынан есірткі тапқан», - делінген хабарламада.
Азық-түліктің ішінен бес кішкене орамал табылған, сот-химиялық сараптама тәркіленген зат героин екенін анықтады», - деп атап өтті осы өңірдің ҚАЖ департаментінің өкілі Гүлжәмилә Нохарбекова. Факті тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды, соталды тергеу басталды.