Тараздағы алғашқы мұз айдыны аренасы 2018 жылдың күзінде беріледі

ТАРАЗ. ҚАЗАҚПАРАТ - Таразда ішінде мұз айдыны аренасы бар қаладағы алғашқы спорттық нысан тұрғызылып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Тараздағы алғашқы мұз айдыны аренасы 2018 жылдың күзінде беріледі

Таразға мұз айдынының қажеттілігі туралы әңгімелер алғаш рет 2012 жылы айтыла бастаған болатын. Ғимарат құрылысы  Жеңіс саябағында жүргізіледі деп жоспарланған. Алайда дайын жоба сол қалпы іске аспады.

Биыл мамыр айында қаладағы шағын аудандардың бірінде жекеменшік компаниялардың бірі төбесі жабық сырғанақ ашты. Қазір бұл жер жамбылдық балалардың сүйікті орнына айналған. Тағы бір шағын мұз айдыны бірнеше жылдан бері салынып жатқан мегамаркеттің ішіне жоспарланған. Құрылысты «Vivat-Taraz» ЖШС, «Ежелгі Тараз» археологиялық бағының территорясында жүргізуде.

Қазір Тараздың орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ маңына екі қабатты ғимарат салынып жатыр. Мұз айдынымен қоса 500 көрерменге арналған трибунасы бар нысанның жалпы құрылыс аумағы - 4,1 мың шаршы метрді құрайды. Құрылыстың бас мердігері  - «НефтеХимПрибор» ЖШС.

Қазіргі таңда Тараз қаласының орталығында, Қайрат Рысқұлбеков атындағы қалалық саябақтың жанынан екіқабатты ғимарат салынып жатыр. Бұл мұз айдыны 500 көрерменге арналып бой көтеруде. Құрылыс алаңының аумағы 4,1 мың шаршы метрді құрайды. Бас мердігер - «НефтеХимПрибор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Мамырда басталған спорт нысанының құрылысы алдағы жылдың 1 қыркүйегінде, яғни, Білім күніне дейін толық аяқталуы керек.

«Біздің өңірде қысқы спорт түрлері мүлдем дамымаған деп айтуға болады,-деді «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Гамлет Қайнарбеков. - Бұл - қары аз, өңіріміздің жылы табиғатымен де байланысты болса керек. Қалада  Мұз сарайының пайда болуы осы олқылықтардың орнын толтырып, кейбір қысқы спорт түрінен біздің көрсеткіштерімізді де жақсартуы керек. Әзірге, шаңғы, коньки, мәнерлеп сырғанау сияқты спорт түрлерінен еліміздің солтүстік және шығыс өңірлері озып тұр.