Тараздағы балалар үйіндегі қатігездік туралы видеоға полиция түсінік берді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Облыстық полиция департаменті Тараздағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты тараған видеоға қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Facebook» әлеуметтік желісінде әйел адамның «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қатысты қатыгездік іс-әрекетін көрсететін бейнежазбасы жариялаған болатын. Соған орай құзырлы орган шұғыл шара қабылдап, жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

«Аталған балалар үйінің 54 жастағы тәрбиешісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу барысында мекеме қызметкерлерінен жауап алынып, бейнебақылау камераларының жазбалары алынды. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар тағайындалды»,-деді облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев.

Сондай-ақ, ол департамент тарапынан облыстық әкімдікке сот шешіміне дейін тәрбиешіні лауазымынан босату туралы ұсыныс жолданғанын жеткізді.

Департамент басшысы оқиғаға қатысты барлық жағдай өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар