Тараздағы дәмханадан есірткіге елтіген 26 жастағы әйел ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Тараз қаласының ойын-сауық орындарына рейд жүргізіп, қала кафелерінің бірінен синтетикалық есірткі қолданған облыс орталығының 26 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараздағы дәмханадан есірткіге елтіген 26 жастағы әйел ұсталды

Рейдті облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген. Ұсталған тұрғыннан ситетикалық есірткіден бөлек «каннабис шайыры» есірткі заты да табылып, тәркіленді. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 1-бөлігі және 296-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр» делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, кафе иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 422-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалған.