Тараздағы химия компаниясының алдынан күдікті сөмке табылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласының орталығында күдікті сөмке табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«26 желтоқсанда сағат 2:00-дер шамасында Абай даңғылындағы «Қазфосфат» ЖШС ғимаратының алдында иесіз сөмке жатқаны анықталды. Ол туралы хабар Жамбыл облыстық ІІД-ден келді», - делінген хабарламада.

Сөмке тұрған жерге құтқару қызметтері мен құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды.

Жарылғыш зат туралы ақпарат расталған жоқ, дейді ведомстводағылар.

Соңғы жаңалықтар