Тараздағы мектептерде миссионерлер уағыз жүргізуде- Б. Тілеухан
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Менің атыма келген хатқа сүйенсек, Жаңа жыл қарсаңында, дәлірек айтқанда 2009 жылғы желтоқсанның 28-і күні Тараз қаласындағы 248 бала оқитын мектеп-интернатқа кәріс-христиан шіркеуінің қызметкерлері келіп, сыйлық таратқан. Балаларға «Я люблю тебя Иссус» деп ән айтқызыпты. Ал бұл шараның негізгі әрі белсенді ұйымдастырушысы мектеп-интернаттың директорының өзі екен. Екі орынбасары мен ата-аналардың қарсылығына қарамай, директор өзінің ісін ойдағыдай атқарып шыққанға ұқсайды. Бұнымен қоймай, Жамбыл облыстық білім басқармасының бастығы осы мәселеге қатысты «кәріс шіркеуі мектепке келіп қойылым қойғанда тұрған ештеңе жоқ, біздің мешіттің молдалары да мектепке келіп, қой сойып, құдайы беріп жатады ғой», дейтін көрінеді. Білім басқармасы бастығының неге бұлайша сөйлегені түсініксіз», деген депутат мәселенің анық -қанығына қатысты облыс әкімі мен Білім және ғылым министрінен жауап күтетінін жеткізді.