Тараздағы саябақта ер адам өз-өзіне қол салмаққа әрекеттенген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы қалалық мәдениет және демалыс саябағында құтқарушылар суицидтің алдын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Тараздағы саябақта ер адам өз-өзіне қол салмаққа әрекеттенген

«Кеше, 14 желтоқсанда Жамбыл облысының ТЖД жедел кезекшілігіне Тұрар Рысқұлов атындағы мәдениет және демалыс саябағында белгісіз біреу аттракционда өз-өзін өлтірмекші болғаны жайында шұғыл ақпарат түсті», - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 32-жастағы П. есімді азаматты суицид жасамауға көндірді.