Тараздағы сайлауалды штаб тынымсыз жұмыс істеуде
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Алдағы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттардың сайлауы өтеді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабы тарапынан нақты жұмыстар атқарылды. Біз үгіт-насихат шаралары туралы білмек мақсатта «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Батырбек Құлекеевпен сұхбаттасқан едік.
- Батырбек Әбдірәсілұлы, сайлауға санаулы күндер қалды. Өзіңіз жетекшілік ететін штаб тарапынан қандай жұмыстар жүзеге асты?
- Тараз қаласында 11 округ барын ескере отырып, үгіт - насихат жұмыстарын ұйымдастыратын штаб мүшелерінен жасақталған 11 мобильдік топ құрылған.
Одан бөлек Тараз қаласында 167 еріктілер жасақталған. Кандидаттар мен еріктілер бөлінген 11 округ бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті көрнекті құралдарды орналастырумен айналысуда.
Шағын және орта бизнес нысандарында шаралар өтетін орын иелерімен және БАҚ өкілдерімен келісімшартттар жасалды.
Тараз қалалық филиалда 375 сенімді өкілдері мен Тараз қалалық партиялық тізімге енгізілген 37 кандидатқа куәліктер табысталды. Тараз қалалық әр 125 сайлау учаскелеріне 2 партиялық байқаушы және 1 партиялық сенімді өкіл бекітілген.
- Ал желілік кестеге қанша іс-шара енгізілген?
-Алдағы сайлау науқанына байланысты 2020-2021 жылдарға арналған Тараз қаласы бойынша желілік кесте бекітілген. Оған жалпы 226 іс-шара енгізілген.
Қазіргі уақытта, дәлірек айтқанда 11 желтоқсан мен 4 қаңтар аралығында Тараз қаласында жалпы 395 іс-шара өткізіліп, есептері уақытылы облыстық филиал мен орталық аппаратқа жолдануда. Өткен шаралар бекітілген медиа жоспарларға сәйкес жариялануда.
2020 жылдың 11 желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін желілік кестеге сәйкес, облыстық және Тараз қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлермен және сенімді өкілдердің қатысуымен 89 түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылса, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидаттардың қатысуымен 48 іс-шара өткізілді.
Сонымен қатар, желілік кесте бойынша «Есіктен - есікке» акциясы аясында 26 шара, яғни Парламент Мәжілісіне кандидаттардың, облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырылды. Канвассинг акциясы бойынша 20 шара өткізілді.
- Енді қоғамдық қабылдау барысына тоқталып өтсеңіз...
-Тараз қалалық сайлауалды қоғамдық штаб кестесіне сәйкес күнделікті онлайн және офлайн режимінде қала тұрғындарымен 35 қоғамдық қабылдаулары өткізілді.
Қоғамдық қабылдауға келген өтініштер мен ұсыныстар жинақталып отырады. Бүгінге олардың жалпы саны 80-ді құрады.
Қазіргі таңда, кандидаттар қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын үгіт-насихат жұмыстары арқылы жеткізуде.
Сонымен қатар, кандидаттар желілік кестеден тыс партияның бағдарламаларын өз еріктерімен насихаттауда.
«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді.