Тараздағы су арнасынан сүңгуірлер жоғалып кеткен адамды іздестіруде

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласындағы Шөлдала саяжайының аумағында Жамбыл облысты ТЖД-ның «Айрықша құтқару отряды» ММ қызметкерлері сүңгуір-іздестіру жүргізуде.

Тараздағы су арнасынан сүңгуірлер жоғалып кеткен адамды іздестіруде

«Тараз маңындағы Шөлдала кентіндегі «Асы-Талас» арнасында ТЖ «АҚО» құтқарушылары 29 қарашада үйінен шығып, із-түзсіз кеткен 33 жастағы азаматты іздлестіруде», - деп хабарлады Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Іздес жұмыстары нәтиже бюерген жоқ, сондықтан бұл бағыттағы іс-шаралар жалғасады, деп мәлім етті департаменттегілер.