Тараздан Мәскеуге ұшып шыққан ұшақ Худжант аумағында айналып жүр - БАҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Штаттан тыс жағдай орын алғандығы жөнінде TJK645 рейсімен Худжант - Тараз - Мәскеу бағытымен ұшып бара жатқан тәжіктің Tajik Air әуе компаниясының ұшағында жарияланды. Бұны Airlive арнайы сайтында жарияланған мәліметтер де растайды, деп жазады ТАСС.

Тараздан Мәскеуге ұшып шыққан ұшақ Худжант аумағында айналып жүр - БАҚ

Әуе ұшақтарымен байланысты Flightradar порталының хабарлауынша, лайнер Тараздан ұшып шыққан соң бірден бағытын өзгертіп, Худжант аймағында айнала бастаған.

Домодедова әуежайының онлайн-тақтасындағы мәліметтерге қарағанда, Мәскеуге сағат 21:25-те келуі тиіс рейс біршама бөгелген. Flightradar болса, ұшақтың Мәскеу әуежайына сағат 02:59-да келетіндігі хабарланғандығын жазады.