Тараздық оқушы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

АСТАНА. KAZINFORM – Былтырғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының «Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша грант иегері Қанат Тәжіхан «Future Solar Power Plant» жобасын жүзеге асырып, таныстырды. Қанат 18 жаста. Тараз қаласындағы мектептердің бірінде 12-сыныпта оқиды. Болашақта IT инженері болуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Қанат Тәжіхан
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Студент грант қаражаттына қуаттылығы 6,6 кВт болатын Қазақстандағы тұңғыш қалқымалы күн электр станциясын жасаған. Жүйе күн трекерімен және өзін-өзі тазалау функциясымен жабдықталған», - делінген хабарламада. 

Электр стансасы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Автордың айтуынша, оның өнертабысы қазақстандық нарықтағы ең тиімдісі.

Электр стансасы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қанаттың жобасы қазірдің өзінде Алматы облысының экологиялық аймақтарының бірінде жүзеге асырылуда.

Электр стансасы
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы аясында жастардың бастамаларын жүзеге асыруға 3 миллион теңге сомасында 30 грант бөлінеді. Волонтерлік саласын қолдау мақсатында қосымша «Волонтерлік» бағыты қарастырылған.

Қазір «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына өтінімдер қабылданып жатыр.