Тараздық аяқдопшылар Түркияда Румыния чемпионатының көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Тараз" футбол клубы кеше Бухарестің  "Динамосымен"   кездесіп,  1:0 есебімен басым түсті.

Тараздық аяқдопшылар Түркияда Румыния чемпионатының көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті

Бұл Румыния чемпионатының көшбасшысы үшін оқу-жаттығы жиынындағы алғашқы, ал тараздықтар үшін үшінші  жолдастық кездесуі болатын. Олар бұған дейін 22 қаңтарда Нальчиктің "Спартак" командасымен 1:1 есебімен тең түсіп,  21 қаңтарда  Әзірбайжанның Агдам қаласының «Қарабах» командасын 1:0 есебімен ұтқан болатын. Тараздықтардың Түркиядағы бұл жиыны 8 қаңтарда басталған еді. Бас бапкер  Любомир Петрович оған 22 спортшыны шақырған болатын. Сербиялық маман бұған дейін командада  байқауда жүргендердің арасынан  2 бразилиялық және 1 португалиялық аяқдопшыны мерзімінен бұрын еліне қайтарған еді.