Тараздық футболшылар Түркияда Румыния чемпионаты көшбасшысынан 1:0 есебімен басым түсті
АЛМАТЫ. 26 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Тараз" футбол клубы кеше Бухарестің "Динамосымен" кездесіп, 1:0 есебімен басым түсті.
Бұл Румыния чемпионатының көшбасшысы үшін оқу-жаттығу жиынындағы алғашқы, ал тараздықтар үшін үшінші жолдастық кездесуі болатын. Олар бұған дейін 22-қаңтарда Нальчиктің "Спартак" командасымен 1:1 есебімен тең түсіп, 21-қаңтарда Әзірбайжанның Агдам қаласының «Қарабах» командасын 1:0 есебімен ұтқан еді. Тараздықтардың Түркиядағы бұл жиыны 8-қаңтарда басталған болатын. Бас бапкер Любомир Петрович оған 22 спортшыны шақырған. Сербиялық маман бұған дейін командада байқауда жүргендердің арасынан 2 бразилиялық және 1 португалдық аяқдопшыны мерзімінен бұрын еліне қайтарған еді.