Тараздық оқушы Менделеев олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Бұл халықаралық білім жарысына Балтық, ТМД, Румыния, Болгария және Македония елдерінің оқушылары қатысты, деп хабарлады «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан.
Сондай-ақ, осынау білім байқауында солтүстікқазақстандық Владимир Должников, алматылық Владислав Камысбаев, жамбылдық Ернұр Төлеп пен Нұрбек Серікұлы және астаналық Мирас Бекбергенов күміс медальдармен марапатталды.
Ал павлодарлық Далер Байділов, алматылық Мұрат Сұлтанов және астаналық Әзім Аманжолов қола медальдарды еншіледі.
Тараздық Ернұр Төлеп сондай-ақ «Химия бойынша үздік тәжірибе» аталымында мақтау қағазымен марапатталды және BASF химиялық концернінің ынталандыру сыйлығына - Германияға жолдамаға ие болды.