Тараздықтар тұрақты дамуды қалайды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясының тізімі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Минура Божымбаева мен Жасұлан Бөлдеш көне шаһардың «Дорожник» иініндегі тұрғындармен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Тараздықтар тұрақты дамуды қалайды

«Дорожник» - облыс орталығында кейінгі жылдары қарқынды дамып келе жатқан аумақтың бірі. Үлкен жолдың бойында орналасқандықтан, мұнда кәсіпкерлік нысандары да көптеп бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар тұрғынүйлер де сәулеттік үлгімен салынуда.

Үміткерлер жұртшылықпен жүздесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған нақты міндеттерге кеңінен тоқталды. Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар өзгерістер күтіп тұр.

Сондай-ақ тұрғындарды саяси құрылымның денсаулықты нығайту мен салауатты өмір слатын қалыптастыру тұрғысындағы тың бастамалары қызықтырып отыр.

Айта кету керек, «Nur Otan» партиясы қаланың спорттық инфрақұрылым желісінің кеңейуі мен қол жетімділігін арттыруға айрықша басымдық беруде.

Бұл үшін партия Тәуке хан көшесі бойындағы «Байтерек» мөлтек ауданында «Мұз сарайы», жеңіл атлетика манежі және теннис кортының, бұдан басқа 2022 жылы 2 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, 2025 жылы 25 спорт алаңының құрылысын жүргізуге, 2023 жылы 30 стрит-воркаут алаңдарын орналастыруға, әр жылда 250-ден кем емес жаппай спорт шарасын өткізуге ықпал етуді көздеп отыр.

Бұл жұмыстар әрине, жаппай спорт түрлерін дамытуға, тұрғындарды қамтуға, дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың санын 30%-дан 36%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Кандидаттармен кездесу кезінде көпшілік көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптарға қанықты.

«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының сайлау қорынан төленді