Тараздың 37 жастағы тұрғыны иіс тиіп көз жұмды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараз қаласында қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат тілшісі.

Тараздың 37 жастағы тұрғыны иіс тиіп көз жұмды

«27 қаңтар күні сағат 11:47-де облыс орталығындағы жекеменшік тұрғын үйдің ауласындағы уақытша баспанада 37 жастағы ер адам иіс тиіп көз жұмты», - деп баяндады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Мамандардың айтуынша, қайғылы оқиғаға үйдің ішін жылыту үшін қосылған газ плитасы себеп болуы мүмкін.

ТЖД-да аймақтағы жекеменшік сектор үйлерінде газ және пеш жабдықтарының істен шығуы немесе дұрыс пайдаланбаудан қайғылы оқиғалардың жиілеп кетуін атап отыр.

Авторы: Галина Скрипник