Тараздың орталық базарында 28 дүңгіршек отқа оранды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - 31 желтоқсан күні сағат 15.40-та Тараздың орталық базарында ішінде халық тұтынатын тауарлары бар 28 дүңгіршек отқа орана бастады.

Тараздың орталық базарында 28 дүңгіршек отқа оранды - ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ-нен мәлім еткендей, тілсіз жау сағат 16.55-те сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Жамбыл облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 40 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды. Жалын 16 сауда орнын зақымдады, 12-сі толығымен күлге айналды. Өрттің шарпыған аумағы 672 шаршы метрді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.