Тараздың орталық базарында құрылыс материалдары дүкені өртенді

АСТАНА. Шілденің 29-ы.  ҚазАқпарат -     Тараздың  орталық   базарында    құрылыс материалдары  дүкенінен  шыққан   өрт   сөндірілді,  

Тараздың  орталық  базарында   құрылыс материалдары  дүкені  өртенді

деп хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметінен.

Кеше,  шілденің 28-і күні сағат  23.40-та   базардың  аумағында орналасқан   «Құрылыс материалдары» дүкенінен өрт  шығып,    300  шаршы метрдей ауданға  жайылған.  Құрбан болғандар  мен  зардап шеккендер  жоқ.    Өрт   Жамбыл облыстық     төтенше жағдайлар департаментінің  өрт сөндіру қызметінің күшімен   сағат 01.40-та  сөндірілді.