Тарбағатай мен Аягөз аудандары аумағында үлкендігі картоптай бұршақ жауды - ШҚО
АСТАНА. 20 маусым. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында диаметрі 6-7 см болған бұршақ жауды,
деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тарбағатай ауданы Қызыл-Кесік ауылдық округында диаметрі 6-7 см болған бұршақ жауды. Көліктер мен үйлердің шатыры бүлінді», - дейді ШҚО ТЖД.
Ведомство ақпаратына қарағанда, бұл жерде кеше сағат кешкі алты шамасында 20 минут уақыттай бұршақ жауыпты. Қазір оқиға орнын тексеруге арнайы комиссия аттанды. Келтірілген шығын мөлшері есептеліп жатыр. Бұршақтан ондаған көліктер мен жүздеген баспана зардап шеккен.
Аягөз ауданының Сарыарқа ауылында да осындай бұршақ жауды. Тарбағатай аудандық ТЖБ бастығының айтуына қарағанда, бұршақтың ең кішкентайы тауық жұмыртқасындай, ал үлкенінің мөлшері картоптай болған, деп хабарлайды «BAQ. KZ» порталы.