Тарбағатай тамашасы Күнгелді гүлі туралы не білесіз

ҮРЖАР. ҚазАқпарат – Қазір Тарбағатай тауының бөктерінде алтын түстес гүлдердің жаппай гүлдеп, табиғатқа керемет көрік беретін кезі. Осы кез - Тарбағатай эндемигі аталатын Күнгелді гүлінің де тамаша құбылатын уақыты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тарбағатай тамашасы Күнгелді гүлі туралы не білесіз
Фото: Шәріпқанова Әйгерім

Табиғаттың тамашасына тоймай, ерекше құрметтейтіндер үшін осы Күнгелдіні азырақ таныстырғымыз келді.

Бұл өсімдік - Алтай күнгелдісі (Trollius altaicus). Атауы айтып тұрғанында й күннің келгенін күтіп, жетілетін бипаз өсімдік. Сабағы қарапайым, сирек тармақталған, биіктігі 80-90 см-ге дейін. Тамыр үсті жапырақтары отырықшы. Биіктігі 25-30 см буынға жиналған пальма тәрізді. Гүлдері шар тәрізді, сарғыш немесе алтын сары, сырты кейде қызғылт, кең жұмыртқа тәрізді, диаметрі 5 см-ге дейін, Аумақта өсімдік мамыр айының ортасынан маусым айының ортасына дейін гүлдейді. Ежелден күнгелдіні халық медицинасында пайдаланады. Мәселен, күнгелді гүлінің микробты жоятын құдіреті бар көрінеді.

Фото мамыр айының 31-і күні Тарбағатай ұлттық паркі аумағында түсірілген.