Тәрбиелік мәні зор Наурызды тойлауға ерекше назар аудару керек - Дархан Мыңбай

АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыздың мәртебесін көтеруге мәдениет ұйымдарымен қатар, өзге де салалар да үлес қосуы тиіс.
None
None

Бұл туралы бүгін елордадағы «Қазақ елі» монументі алдында Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған шара барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай мәлім етті.

«Наурыз мерекесімен барша Қазақстан халқын құттықтаймын! Осы атаулы мерекенің түп-төркіні тереңде жатыр ғой. Сондықтан Наурыздың кеңінен тойланып, мазмұны тереңдейтініне ешкімнің де күмәні жоқ. Өйткені, осы көктемгі мейрам адамның табиғатпен ғана емес, сонымен қатар өзі-өзімен , бір-бірімен үйлесетін кезі. Осы орайда Наурыз сауапты, имандылық шарттары бар мереке деп білемін, себебі, адамдар өкпе-реніштерін ұмытып, қайта қауышатын, сыйластықтың мақсатын көздейтін атаулы мереке»,-деді Д. Мыңбай.

Бұл тұрғыда ол тәрбиелік мәні зор болғандықтан Наурызды тойлауға ерекше назар аудару керектігін қадап айтты.

«Осы мерекенің мәртебесін көтере беруіміз керек. Бұл жерде тек мәдениет ұйымдары ғана емес, сонымен қатар ғалымдар, экономистер, әлеуметтанушылар және өзге салалар үлес қосуы керек. Атап айтқанда, Наурыз қазақ елін біріктіре түсетін ең басты мерекелердің бірі деп білемін»,-деді Д. Мыңбай.

Соңғы жаңалықтар