Тәрбиесі нашар жасөспірімдер сақ обаларын қалыпқа келтіру жұмыстарына тартылады

АЛМАТЫ. Қазанның 26-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыда «Табиғат» экологиялық Одағы студенттерден және тәрбиесі нашар жасөспірімдерді ұйымдастырып,  бүлінген Бесшатыр   обаларын   қалыпқа келтірмек,

Тәрбиесі нашар жасөспірімдер сақ  обаларын  қалыпқа келтіру жұмыстарына тартылады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазіргі уақытта «Табиғат» экологиялық одағы еліміздің тарихи-мәдени мұраларын қалпына келтіру мәселелерімен айналысып жүр. Соның бірі - «Алтынемел» ұлттық саябағы аумағындағы Бесшатыр  обалары. Мұндай жұмыстарды атқару үшін олар кәсіби мамандардан бөлек ерікті жастарды да тартпақ.

 «Кеңес үкіметі тұсында жыл  санауға  дейінгі 5-6 ғасырлық 18-ге жуық сақ патшалығының қорғандары жойылған, сондай-ақ үш қорған бульдозермен көмілген. Міне біздің құрған лагерьдің балалары жазғы демалыс уақыттарында осындай жойылып бара жатқан еліміздің тарихи-мұраларын қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысатын болады», дейді «Табиғат» экологиялық одағының басшысы М. Елеусізов.