Тариф саясатына министрлік жауап береді - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандағы тариф саясатына ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жауап береді. Бүгін табиғи монополияларды мемлекеттік реттеу мәселелеріне арналған жиында аталған ведомствоның Бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу саясаты департаменті директорының орынбасары Сабира Ержанова осылай айтты.
None
None

«Демек, заң тұрғысындағы барлық жаңа тетіктер біз арқылы өтетін болады. Ал табиғи монополияларды реттеу міндетін агенттік (ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі - авт.) атқара береді», - деп атап көрсетті С.Ержанова. Осы орайда департамент қызметкері хабарлағандай, бәсекелестікті қорғау саласындағы соңғы өзгерістерге сәйкес, отандық заңнамаға «жанама тексеріс», «тікелей тексеріс» және «экономикалық қызметті үйлестіру» сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. «Сондай-ақ «вертикалды» және бәсекелестікке қарсы кейбір келісімшарттарға тыйым салынды. Бұған дейін доминанттық басымдығы бар нысандарға жеті бағытта жұмыс істеуге рұқсат берілмесе, жаңа заң бойынша ол тізімге қызметтің тағы үш түрі енгізілді», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар