Тарифтер халықтың мүмкіндігінен аспауы қажет ? К.Мәсімов

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елімізде белгіленген тарифтер халықтың мүмкіндігінен аспауы тиіс. Бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысқан ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Тарифтер халықтың мүмкіндігінен аспауы қажет. Міне, осы балансты тауып, сақтап қалу қажет. Сондай-ақ біз осы тарифтерді бақылау мен реттеу мәселесін ерекше назарда ұстауға тиіспіз. Себебі бүгінде тұтынушылар тарапынан тарифтерді негізсіз көтеру және оған жіберілген қаржының мақсатсыз кету әрекеттеріне қатысты арыз-шағымдар көптеп түсуде. Егер тарифтерден түскен ақша саланы жаңартуға салынған болса, онда бұл дұрыс жасалған қадам. Ал аталған қаржы біреудің қалтасына кеткен болса, онда мәселені басқа жағынан қарауымыз қажет. 2009-шы жылға қойылған негізгі міндет бойынша біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге міндеттіміз», - деді К.Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар