Тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп бас тарту қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Экономиканы монополиясыздандыру үшін қандай институционалдық шешімдер қабылданатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тариф инфрақұрылымға салынған ақшаның орнына және ашықтықты қатамасыз ету үшін жұмыс істейтін мемлекеттік мониторинг жүйесіне қатысқаны үшін ұсынылады. Жеке меншік иесі инвестицияның басым бөлігін тарифтер есебінен емес, өз қаражатынан бөлуі керек.
Тариф ішіндегі сметаның бір бөлігін шығыстарға қайта бағыттау арқылы, табыстың бір бөлігін сақтап қалуға рұқсат берілуі қажет. Тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп бас тарту қажеттігі туып отыр. Тұтынушылардың бір бөлігі үшін тарифтер екінші бір бөлікке белгіленген ұлғайтылған қызмет ақысы есебінен тежеліп келеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, экономиканы әрі қарай монополиясыздандыру үшін институционалдық шешімдер қабылдануы шарт.
«Конгломерат» ұғымын заңанама деңгейінде анықтау керек. Бір-бірімен байланысы бар нарық субьектілері экономикалық тұрғыдан шоғырлануға рұқсат алуы қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.
Сондай-ақ, Президент Үкіметтің жұмысын сынады.