Тарифтерді төмендету бойынша жоспарлы жұмыстар жалғаса береді - ҚР ИЖТМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тоқырауда тұрған астаналық қайта өндіруші кәсіпорынға жұмысты қалпына келтіруге және сүт өндіру жұмысын ретке келтіруге көмектесті.

Тарифтерді төмендету бойынша жоспарлы жұмыстар жалғаса береді - ҚР ИЖТМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Техникалық реттеу және метрология комитеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтiк жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты кешендi бағдарламалық тапсырмалар топтамасы аясында техникалық реттеу саласында тарифтерді төмендету бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырып отыр, деп хабарлады аталған мекеме баспасөз қызметінен.

«ҚазМетрИн» РМК 2014 жылғы 1 сәуірден бастап, халық кеңінен қолданатын өлшеу құралдарының бірқатар топтары бойынша метрологиялық сараптама жүргізу процедураларының бағаларын төмендетті. Сонымен қатар, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС аккредиттеу бойынша қызметтер құнына арналған тарифтерді қайта қарастырып отыр. Мемлекет пен халық арасында тұрақты байланысты нығайту үшін және интернет-технологиялар мүмкіндігін кеңейту мақсатында «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-ның интернет-дүкені белсенді жұмыс істейді. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету саясаты - ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің басым бағыттарының бірі. Осы бағытта жұмыстар жалғаса береді.