Тарифтерге байланысты АҚШ-тағы жаңа көліктер сатылымы артты
АСТАНА. KAZINFORM – Наурызда жаңа көліктердің сатылымы күрт өсті, бұған жаңа тарифтер мен АҚШ-тағы дилерлік орталықтарға көліктердің жеткізілуінің қысқаруы әсер етті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

АҚШ-тағы дилерлік тұрақтарға жаңа көліктердің жалпы жеткізілімі сәуір айының басында 2,69 млн болса, бұл наурыздың басындағы 2,99 млн көліктен 10,2 пайызға және бір жыл бұрынғыдан 2,4 пайызға төмен, деп хабарлайды Cox Automotive.
Жаңа көліктердің сатылымы ақпан айының соңымен салыстырғанда 17,2%-ға және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға өсті.
Баж салығын енгізу импортталатын жаңа көліктердің құнын айтарлықтай арттырады деп күтіліп отыр. Тұтынушылар жаз мезгілі жақындаған сайын көліктердің қымбаттауын және жеңілдіктердің азаюын күтуі керек. Уақыт өте келе өндірістің де, сатылымның да төмендеуін күту керек, бұл жаңа және ескі көліктердің қымбаттауына әкеледі.
HarrisX және Allison Worldwide жүргізген сауалнамаға сәйкес, тұтынушылардың көпшілігі көлік бағасы келесі жылы орта есеппен 14,4%-ға өседі деп санайды, деп хабарлайды Investopedia.
Экономистердің бағалауынша, тарифтер көлік бағасына 2500 доллардан 10 мың долларға дейін қосады.
2024 жылы импортталған жеңіл және жүк көліктерінің жартысынан көбі Мексикадан немесе Канададан әкелінген және сол елдерде жасалған көптеген көліктердің шетелден келген бөлшектері бар.
Бұған дейін Трамп тарифтерінен әлемдегі ең бай адамдар 24 сағатта 208 млрд доллардан айырылғанын жазған болатынбыз.