Тарифті көтеру шығынға батқан автопарктер жағдайын реттейді - Риддер қаласының әкімдігі

None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында автобус жолақысы қымбаттайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Риддерліктер үшін 21 қаңтардан бастап автобус жолақысы өседі. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікпен қатынау құны ересектерге 130 теңге, балаларға 65 теңге болады. Ал, зейнеткерлер 115 теңге төлейді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген адамдарға, қаза тапқан майдангерлердің жесірлеріне, концлагерь тұтқындарына, қоршауда қалған Ленинград тұрғындарына және 80 жастан асқан азаматтарға қоғамдық көлікпен жүру тегін.

«Өткен жылдың тамыз айында қаладағы қоғамдық кеңестің бастамасымен әкімдік пен тасымалдаушылардың қатысуымен отырыс өтті. Онда жолақыны көтеру қоғамдық көлікке қатысты туындаған мәселелерді шешуге септігін тигізеді деп келісілді. Тарифті көтеру көптен бері шығынға батып жүрген автопарк иелерінің жағдайын реттейді», - деп хабарлады қала әкімдігінен.

Соның нәтижесінде, автобустар жаңарып, жөндеуден өтеді.


Соңғы жаңалықтар